Жаңалықтар
«NURAY ART FEST» халықаралық байқауында — 3 жүлде
22 қараша күні Алматыда өткен «NURAY ART FEST» ІІІ халықаралық көпжанрлы балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында MIRAI School оқушылары 3 жүлделі орын алды: • Гимнастика — 1-орын • Өзбек биі — 2-орын • Заманауи би — 2-орын Жеңімпаздарымызды, олардың жетекшілері мен ата-аналарын құттықтаймыз!
Тіл – достықтың кілті
16–20 қараша аралығында мектебімізде «Тіл – достықтың кілті» атты тілдер апталығы өтеді. Апта бойы қазақ, ағылшын, орыс және жапон тілдерінде ашық сабақтар, көңілді үзілістер, эссе байқаулары, бақылау диктанттары, ата-аналар арасында «Polyglot Quiz» ойыны және «Кітап оқитын ұлт» сахналық қойылымы болады. Апта 16 қарашада сағат 09:30-да ашылу салтанатымен басталып, 20 қарашада марапаттау рәсімімен жабылады. Толық бағдарлама — жаңалық бетінде.
«Зерде» байқауында оқушымыз аудандық кезеңнің жеңімпазы атанды
6 қараша күні өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының аудандық кезеңінде 5-сынып оқушысы Тынысбай Айша I орын иеленді. Айша байқауға «Бөлме өсімдіктерінің ауа ылғалдылығына әсерін зерттеу және Green Climate қолданбасын әзірлеу» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Жас зерттеушінің жетекшісі — Жакшиликова Нұргүл. Айша мен ұстазын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оқушының жетістігіне қолдау көрсеткен ата-анасына және ұстаздарына алғыс білдіреміз. Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерінің ауа ылғалдылығына әсерін зерттеу және Green Climate қолданбасын әзірлеу». Ұстазы: Жакшиликова Нұргүл. Ата-анасына және ұстаздарына алғыс білдіреміз!